«Ұлттық идеология және балалар әдебиеті»: Балаңа берер бағыт оны адастырмай ма?

18 Мамыр 2022, 09:10
3329
Бөлісу:
«Ұлттық идеология және балалар әдебиеті»: Балаңа берер бағыт оны адастырмай ма?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық идеология және ...» жобасының екінші шығарылымы балалар әдебиетіне арналды. Бұл шығарылымда тіл мәселесі, идеология тұрғысынан биліктің кемшілігі, балаға бағыт-бағдар беру, оны кітап оқуға баулу және басқа да маңызды мәселелер жөнінде Жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны, журналист Серікбол Хасанмен сұхбаттастық.  

Сұхбат тіл мәселесінің әлі шешілмей келе жатқанының себебі, ұлттық идеология тұрғысынан алғанда билікте отырғандардың кемшілігі мәселелерінен басталды. Кейіннен Серікбол Хасан кеңес кезеңіндегі ақын-жазушылар ұлттық идеологиямыздан айрылып қалмау үшін кеңес цензурасына қарсы қандай айла-тәсілдерді пайдаланғанын және ұрпаққа қазақи құндылықтар мен тәрбиені қалай сіңіргенін нақты мысалдармен айтып берді.  

Сонымен қатар, журналист балалар әдебиетіне ғана емес, басқа салаларға да идеология деп қарамауымыздың кілтипаны неде, Nickelodeon телеарнасын қазақшаға аудару неге дұрыс емес, Губка бобты көруде қандай қауіп бар, балаға бағыт-бағдарды қалай береміз, баланы кітап оқуға қалай баулу керек, өз баламызбен неге тіл табыса алмаймыз, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың кемшілігі неде деген сұрақтарға жауап берді.

Онымен қоса, балалар ақыны шығармашылық адамдарға мемлекеттен қандай жағдай жасалуы керегін, қандай әдебиеттер мемлекет қаржысына басылып жатқанын, кітап пен баспа нарығының оң мен теріс тұстарын айтты. 

Сондай-ақ сұхбаттан Серікбол Хасанның шығармашылығы, балалар әдебиетіне қалай келгені және «Әкесінің қызы» кітабы қалай жарық көргені туралы біле аласыз. 

Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы