Ұлттық холдинг ауыл шаруашылығы бағытындағы дәрі-дәрмек өндірісінің көлемін арттырмақ

8 Ақпан 2024, 17:10
356
Бөлісу:
Ұлттық холдинг ауыл шаруашылығы бағытындағы дәрі-дәрмек өндірісінің көлемін арттырмақ
Фото: primeminister.kz

 Премьер-иинистрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте отандық дәрі-дәрмек және вакцинамен қамту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Primeminister.kz сілтеме жасап.

Жиынға Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, «QazBioPharm» ұлттық холдингінің өкілдері қатысты. Биыл Денсаулық сақтау министрлігі QazVac вакцинасының 50 мың дозасына тапсырыс бермек.

«QazBioPharm» ветеринарлық бағыттағы препараттарды да шығарады. Оны өндіру көлемі артпақ – Ауыл шаруашылығы министрлігі ұлттық холдингтен ветеринарлық дәрі-дәрмектер мен диагностикумдардың 25,8 млн дозасын алуды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде «QazBioPharm» басшысы Ерғали Әбдірайымов мемлекеттік органдармен аталған өнімді өндіруге және жеткізуге ұзақмерзімді келісім-шарттарды бекітуге ниет білдірді. Аталған мәселе тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе қарастырылатын болады.

Отандық өндірушіні қолдау шараларының маңызы зор. Алайда, бұл ретте ұсынылатын препараттар сапасына баса мән берілгені жөн. Ол үшін «QazBioPharm» ұлттық холдингі басшылығы тікелей жауапты. Дәрі-дәрмектерді өндіру және жеткізу мерзімі бойынша бекітілген кестені қатаң сақтау қажет, — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы