Ұлттық экономика министрлігі: Шикізат секторы инвестиция – ағынының маңызды бағыты

23 Маусым 2022, 11:21
1828
Бөлісу:
Ұлттық экономика министрлігі: Шикізат секторы инвестиция –  ағынының маңызды бағыты
Фото: primeminister.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.

Ол 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасының жобасына тоқталды.

Айтуынша, мемлекеттің қатысуы қоғамның тыныс-тіршілігінің тұрақтылғы үшін стратегиялық және маңызды әлеуметтік саладағы жобаларда басымдыққа ие болады.

Ел экономикасындағы үлкен үлеске байланысты шикізат секторы инвестициялар ағынының маңызды бағыты, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ресурстық база болып қала береді. Бұл жерде негізгі салаларды дамыту үшін жалпы жүйелік жағдайлар жасауға, оның ішінде жаңа қайта бөлуді дамытуға, негізгі құралдарды жаңғыртуға, технологиялар трансфертіне, тиімділік пен экологиялылықты жақсартуға баса назар аударылатын болады. Осы бағытта мемлекеттік қолдау тек деңгейлес: инженерлік инфрақұрылымды жүргізу, жер қойнауын пайдалану құқығы, мемлекеттік кепілдіктер сынды іс-шараларға негізделеді. Елдің одан әрі инвестициялық дамуы барлық инвестициялар үшін, әсіресе еңбек өнімділігі мен экспортқа бағдарланған инвестициялар үшін тиісті орта құрумен байланысты, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Осыған байланысты, тұжырымдама жобасы негізгі үш бағыт бойынша құрылымдалған жүйелі сипаттағы 45 нақты іс-шарадан тұратын іс-қимыл жоспарын қамтиды деп отыр. 

Бірінші – ашық және болжамды инвестициялық саясатты қалыптастыруға бағытталған инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту. Осы бағыт шеңберінде құқықтық  режимді жетілдіру, сот төрелігіне сенім мен ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту, ведомствоаралық үйлестіруді нығайту, сондай-ақ жобалар мен өндірушілерді ілгерілетудің цифрлық құралдарын жасау арқылы инвесторлар үшін институционалдық орта мен инфрақұрылым жетілдіріледі. Екінші – нарықтарға қолжетімділікті жақсарту және компаниялардың қалыптасуы үшін тұрақты және ауыртпалық салынбайтын жағдай жасауды көздейтін және сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу, - деді Тимур Жақсылықов. 

Екінші бағыт бойынша банктерді, мемлекет қатысатын қорларды, квазимемлекеттік сектор компанияларын қоса алғанда, стратегиялық және бөлшек инвесторлар тарапынан қаржыландыруды, оның ішінде, әріптестік қаржыландыруды тарту қарастырылады.  

Үшінші – экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу. Бұл бағытта тиімсіз меншік иелерін ауыстыра отырып, дәрменсіз кәсіпорындардың нарықтан жедел шығуы үшін банкроттық рәсімдерін оңайлатуға; капиталдар ел экономикасына қайтарылған жағдайда оларға рақымшылық жасау; қазақстандық компанияларды шетелдік юрисдикциялар  мен офшорлық аймақтарда АХҚО юрисдикциясына ауыстыруды көздейді. Нәтижесінде, жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу ESG талаптарын күшейту жағдайларында елдің тартымдылығын арттыруға бағытталған жүйелі іс-шаралар іске асырылады, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы