Ұлттық экономика министрі үстіндегі костюмінің бағасын айтты

27 Қазан 2023, 14:35
1468
Бөлісу:
Ұлттық экономика министрі үстіндегі костюмінің бағасын айтты
Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үстіндегі костюмі қанша теңге тұратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлібек Қуантыров салықтың кейбір түрлерін арттырудың қазақстандықтардың әл-ауқатына қалай әсер ететіне қатысты ойын айтты.

Оның айтуынша, бұл халық арасында қазақстандық тауарлардың сұранысына оң әсер етеді.

Бұл жерде тепе-теңдік болуы керек. Тек импорттық тауарларды алсақ, өз өндірісімізді дамыта алмаймыз. Жұмыс орындары ашылмайды. Содан кейін импорт тауарларының бағасы қымбаттайды. Сондықтан қазақстандық өндірісті дамыту керек. Біз отандық өнімді қолдаймыз, – деді министр.

Ол мысал ретінде өз үстіндегі костюмі қанша теңге тұратынын айтты.

Менің үстімдегі костюмді көріп тұрсыз ба? Отандық өнім. Құны 90 мың теңге. Біз осында инвестиция құюымыз керек. Қымбат емес, бірақ қазақстандық. Міндетті түрде қымбат болу керек деген сөз емес, - деп айтты Әлібек Қуантыров Сенатта.

Өзгелердің жаңалығы