Ұлттық экономика министрі Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен кездесті

2 Ақпан 2022, 17:26
1475
Бөлісу:
Ұлттық экономика министрі Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ астананың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды.

Мемлекет басшысының соңғы тапсырмалары шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді.

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар және Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінің негізгі қағидаттары туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Әлібек Қуантыров бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде әкімдіктің ұсыныстарын қосымша қарап, талқылауды ұсынды.

Астананы дамытудағы маңызды аспект оның агломерациялық дамуы. Сондықтан «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын әзірлеу шеңберінде Министрлік пен әкімдіктің іс-қимылын үйлестіру жұмысы жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы