Ұлттық экономика министрі елден заңсыз шығарылған капитал 100 млрд доллардан асуы мүмкін екенін айтты

14 Сәуір 2022, 16:34
1423
Бөлісу:
Ұлттық экономика министрі елден заңсыз шығарылған капитал 100 млрд доллардан асуы мүмкін  екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ел аумағынан заңсыз шығарылған капитал 100 млрд доллардан асуы мүмкін екенін айтты.

Салықтық ынталандыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағыт бойынша екі жақтан істі бастадық. Бірінші бағыт - капиталды сыртқа заңсыз шығарудың жолын кесу болып саналады. Мысалы, салықтық шараның бірі – инвестор төлемеген дивидендтің жеңілдіктерін алып тастай аламыз, - деді министр.

Оның айтуынша, бұл бағытта капиталды қайтару үшін ынталандыру шаралары пысықталды.

Тікелей шетелдік инвестиция тартуды айтар болсақ, 30 жылда 400 млрд доллардан астам қаражат тартылған. Бұл жерде де осындай тәсілмен қарау керек. 1 млрд доллар ғана емес екені түсінікті. Нақты сомасын айту өте күрделі. Бірақ шамамен 100 млрд доллардан сәл көп болады,- деді Әлібек Қуантыров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы