Ұлттық даму жоспарына енгізілетін білім беру саласының мәселелері талқыланды

4 Наурыз 2024, 17:01
309
Бөлісу:
Ұлттық даму жоспарына енгізілетін білім беру саласының мәселелері талқыланды
PHOTO
Фото: Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Реформалар агенттігінде "Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын талқылау бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы мәселелерді талқылауға арналды.

Агенттік төрағасы Жандос Шаймарданов Ұлттық даму жоспары жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы айтып, оның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаты ретіндегі рөлін атап өтті.

Ұлттық даму жоспарына енгізілетін білім беру саласының мәселелері талқыланды

Бұл ретте, ол құжаттың жобасын сараптамалық қоғамдастықпен талқылау және пысықтау жөніндегі жұмыстың маңыздылығы жайлы айтты.

Ұлттық даму жоспарының жобасы бойынша мемлекеттік органдармен талқылау және келісу рәсімдері жүргізілді, бұл жоба "Ашық нормативтік құқықтық актілер" интернет-порталында орналастырылды, қорытындысы бойынша азаматтардың бірқатар ұсыныстары түсті.

Кездесу барысында қатысушылар білім беру саласын дамытуға бағытталған өз ұсыныстары мен бастамалары туралы айтты.

Ұлттық даму жоспарына енгізілетін білім беру саласының мәселелері талқыланды

Атап айтқанда, сарапшылар мектепке дейінгі білім беру сапасы мен балалардың қауіпсіздігі, мұғалімдерді даярлау және мектеп оқушыларының жетістіктерін өлшеу, колледждерді қаржыландыру және т.б. тақырыптарды қозғады.

Кездесу нәтижесінде қатысушылар бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру сапасы бойынша сарапшы Г.Киікова, орта білім беру саласындағы зерттеуші және талдаушы Ә.Көпеева, "Астана" халықаралық университетінің президенті С. А. Ирсалиев, сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, техникалық және кәсіптік білім беру саласының және кәсіби оқыту орталығының өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы