Ұлттық банк: Жыл соңында жаһандық инфляция 8,8%-ға жетеді

10 Қараша 2022, 10:17
799
Бөлісу:
Ұлттық банк: Жыл соңында жаһандық инфляция 8,8%-ға жетеді

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биыл макроэкономикалық жағдайға геосаяси ахуалдың нашарлауы, әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы құбылмалылықтың өсуі әсер етті. Геосаяси шиеленістің өсуіне байланысты тауар жеткізу жолдарының бұзылуы жиілей түсті, бұл өз кезегінде әлемде инфляциялық қысымды күшейтті. Көптеген елде инфляция ондаған жылдардағы ең максималды көрсеткіштерге жетіп, жоғары деңгейде сақталды. Мысалы, АҚШ-та инфляция 40 жылғы ең жоғары деңгейлерде – 8,2%-ға жетті. Ұлыбритания мен Еуроаймақта инфляция екі таңбалы мәнге өтіп, тиісінше, 10,1%-ға және 10,7%-ға жетті, - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы. 

Айтуынша, жоғары бағалар азық-түлік пен энергетика секторынан шығып кеткен. 

Сондықтан Халықаралық валюта қоры өткен айда жаһандық инфляцияның болжамдық көрсеткішін еселеп, инфляцияның ұзақ уақытқа сақталу тәуекелі бар екенін айтты. Халықаралық валюта қорының жаңартылған болжамдарына сәйкес, жаһандық инфляция осы жылдың соңында 8,8%-ға дейін жетеді. 2023 жылы ол 6,5%-ға дейін, ал 2024 жылы 4,1%-ға дейін баяулайды деген болжам бар, - деді Ғалымжан Пірматов. 

Өзгелердің жаңалығы