Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол базалық мөлшерлемені 16,5% түсіруге негіз бар екенін, алайда тағы да түседі дегенге үміттену әлі ертерек екенін айтады.
Біз өткен жылдың аяғында базалық мөлшерлемені 16.75%-ке дейін көтерген болатынбыз. Осы жылдың басынан бері ұстап келдік. Біздің бүгінгі қабылдаған шешім - қазіргі таңдағы инфляцияның динамикасына, болжамдарымызға сәйкес қабылданды. Бұл тұрақты базалық мөлшерлемені төмендететін цикл басталды деп айту әлі ертерек деп ойлаймын. Өйткені әр шешім сол уақытта қабылданатын деректерге және инфляцияның тәуекелдеріне байланысты болады, – деді Пірматов Ұлттық банкте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бүгін Ұлттық Банк Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдағанын, елімізде не қымбаттап, не арзандағанын айтқан болатынбыз.