Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов теңгенің әлсіреуі неге байланысты екенін түсіндірді, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жыл басынан бері теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 469,64 теңгеге дейін 1,5%-ке әлсіреді. Қазан айында 1,1% болды. Теңгенің әлсіреуі бірқатар сыртқы және ішкі факторға байланысты, – деді ол.
Оның сөзінше, оның бірінші себебі – доллардың жаһандық нығаюы.
АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің қатаң ақша-кредит саясаты әсер етіп отыр. Екіншіден, импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы. Оған жобаларды іске асыру және бюджет қаражатын игеру циклінің жандануы мен басқа да факторлар ықпал етуде, – деді Ұлттық банк басшының орынбасары.