Ұлттық банк шетел валютасының сату-сатып алу бағасының ауытқы шегін белгіледі

12 Наурыз 2022, 13:17
2430
Бөлісу:
Ұлттық банк шетел валютасының сату-сатып алу бағасының ауытқы шегін белгіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы жоба дайындады.

Бұл туралы Ұлттықбанктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» «ҚРҰБ басқармасының 2020 жылғы 14 шілдедегі №86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» жобаның  әзірленіп жатқанын хабарлайды.

Жоба айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша сатып алу бағамының қолма-қол шетел валютасын сату бағамынан ауытқу шектерін қолданылу мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін АҚШ доллары үшін – 6 теңгеден 15 теңгеге, еуро үшін – 7 теңгеден 20 теңгеге дейін арттыруды ұсынады, - делінген хабарламада.

Ұсынылып отырған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтуға, сонымен қатар валюта бағамы төңірегіндегі құбылмалылықтың күшеюіне байланысты қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы