Ұлттық банк қай зат тез қымбаттағанын айтты

15 Қараша 2022, 11:52
1479
Бөлісу:
Ұлттық банк қай зат тез қымбаттағанын айтты

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов  еліміздегі инфлянцияның жоғары деңгейде қалып отырғанын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Азық-түлікке жатпайтын инфляцияның өсуі де 17,9 пайызға дейін жеделдеді. Импорт үлесі жоғары тауарлардың, оның ішінде жеке қолданыстағы тауарлардың, тұрмыста қолданылатын құралдардың, құрылыс материалдарының, дәрі-дәрмектің бағалары тез өсіп отыр. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар құрылымында өткен жылдың жоғары базасы есебінен шығу нәтижесінде жанар-жағармай мен автомобильдерге бағаның өсуі баяулады, – деді Ұлттық банк өкілі.

Оның айтуынша, ақылы қызметтер инфляциясы 13,5 пайызға жетті.

Тұрғын үйді жалға алу қымбаттауын тоқтатқан жоқ, энергия өндіруші компаниялардың тарифтері өсуіне байланысты электр қуатының құны қымбаттады. Қазан айында халық күткен және қабылдайтын инфляцияның медианалық бағалары тиісінше 18,3 пайызға және 22 пайызға дейін күрт өсті. Екі көрсеткіш те 2016 жылдан бастап ең жоғары деңгейге жетті. Жоғары инфляциялық күтулерге, фискалдық ынталандыруға байланысты инфляциялық процестердің өсуі дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жалғастыруды талап етеді, – деді Шолпанқұлов Үкімет отырысынан соң.

Өзгелердің жаңалығы