Ұлттық банк: Инфляцияның деңгейін жеңілдетуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асуда

1 Наурыз 2022, 09:21
1016
Бөлісу:
Ұлттық банк: Инфляцияның деңгейін жеңілдетуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті.

Ол Қазақстан Еуразиялық Одақтың мүшесі екенін және көрші елдегі жағдайдың шиеленісуі Қазақстанның экономикасына кері әсер беріп жатқанын айтты.

Ресей Федерациясы біздің негізгі сауда әріптесімізге жатады. Оның үлесіне Қазақстан импортының 42 пайызы тиесілі. Осыған байланысты гео-саяси жағдайдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың енгізілуі біздің экономикамызға да өз ықпалын тигізуде. Ресей рубльнің әлсіреуі еліміздің қаржы нарығында жасалатын қысымды арттырды. Сыртқы күтпеген әсердің теріс салдарынан азайту мақсатында Ұлттық Банк инфляцияның айтарлықтай тәуекелдерін өсуін жеңілдетуге және теңгедегі жинақтарды қорғауға бағытталған іс-шараларды іске асыруда,- деді Ұлттық Банк төрағасы.

Сонымен қатар Ғалымжан Пірматов өз мәлімдемесінде Ұлттық банктің нарықтарды қадағалап, мұнан әрі нашарлаған кезде қаржылық, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін пәрменді іс-шаралар қабылдауын жалғастыратынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы