Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
Инфляцияны 2025 жылға қарай 3-4% орта мерзімді мақсатқа дейін төмендету мақсаты тұр. 2021 жылдың басында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бірлесіп инфляцияға қарсы іс-шаралар кешені іске қосылды, бұл жылдық инфляцияны 8,4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бұл деңгей жоғары және ақша-несие саясатының тиімділігін шектейді деп есептеймін. Осыған орай, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді ескере отырып, бағаның өсуіне қарсы тұруға бағытталған 2022 жылға және одан кейінгі жылдарға инфляцияны бақылау жөніндегі шаралар кешені қабылданады, - деді Ерболат Досаев.
Ол 2021 жылдың соңында инфляцияға үлестің жартысы азық-түлік бағасының өсуінен түскенін және бұл инфляцияның жоғары құбылмалылығының негізгі факторы болғанын еске салды.
Ұлттық банк әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен ғана емес, инфляцияға айтарлықтай үлес қосатын басқа да азық-түлік тауарларымен де жұмыс жүргізілуі керек деп есептейді.
Бүгін Қазақстан қор биржасының валюта алаңындағы сауда-саттық және халықаралық төлемдер мен аударымдарды жүргізу қалпына келтіріліп жатыр. Теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуге жол бермеу мақсатында Ұлттық банк қажетіне қарай валюталық интервенциялар жүргізу арқылы валюта нарығындағы баллансты қамтамасыз етеді.Жоғарыда көрсетілген шаралар топтамасын табысты іске асыру нарықтың ішкі және сыртқы қатысушыларының тарапынан ұлттық валютаға деген сенімді қалпына келтіруді қамтамасыз етуі тиіс, – деді Ерболат Досаев.