Ұлттық банк инфляция қашан 5 пайызға түсетінін айтты

Бүгiн, 12:48
128
Бөлісу:
Ұлттық банк инфляция қашан 5 пайызға түсетінін айтты
Фото: Ұлттық банк

Биыл Қазақстан экономикасы 4,0-4,5% аралығында өсті. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылға инфляция болжамы 8-9%-ке дейін нақтыланды. 2025 жылы бұрынғыға қарағанда 6,5-8,5% аралығындағы жоғары инфляцияны күтеміз. Инфляцияны қайта қарау ішкі және сыртқы факторлар тарапынан келетін қысымның өсуіне байланысты. 2026 жылы ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты бағаның өсуін 5,5-7,5%-ке дейін бәсеңдетуге ықпал ететін болады. Жалпы инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету 2027 жылдың қорытындысы бойынша күтіледі. Инфляцияның тұрақты бөлігі, яғни реттелетін бағалар мен басқа да құбылмалы компоненттерін қамтымайтын бөлігі 2026 жылы 5%-ға жуық қалыптасады, - деді Сүлейменов.

Оның айутынша, Қазақстан экономикасының 2024 жылға өсу болжамы 4,0-4,5% шегінде нақтыланды.

Болжамды кезеңде іскерлік белсенділік фискалдық шаралар мен ұсыныстан асатын ішкі сұраныстың өсуімен ынталандырылады. Келесі жылдан бастап мұнай секторында өндірістің өсуін қалпына келуіэкономикаға қолдау көрсетеді. Дегенмен,мұнайдың төмен бағалары есебінен 2025 және 2026 жылдардағы жалпы ішкі өнімнің өсімі бойынша біздің бағамыз 4,5-5,5%-ке және 4,6-5,6%-ке дейін төмендету жағына қайта қаралды, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Еске салсақ, Ұлттық банк Президенттің тапсырмасын орындай алмайтынын айтқан еді. Сонымен қатар валюта бағамының өзгеруіне байланысты бюджет қайта қаралуы мүмкін екендігі де сөз болған еді. Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов теңгенің құнсызданып бара жатқанын мойындаған еді.

Еске салайық, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15.25-ке дейін көтерген еді.

Өзгелердің жаңалығы