Ұлттық банк Президенттің тапсырмасын орындай алмайтынын айтты

29 Қараша 2024, 11:41
1023
Бөлісу:
Ұлттық банк Президенттің тапсырмасын орындай алмайтынын айтты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша брифинг өткізді. Жиын барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляцияға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сүлейменовке журналист "Екі жыл бұрын Президент 2025 жылға дейін инфляцияға 3-4 пайыз деңгейіне жеткізу керек деп еді. Ол тапсырманы орындау мүмкін бе, әлде мүмкін емес пе?" деп сұрақ қойды.

Өздеріңіз көріп отырсыздар, сыртқы және ішкі факторлар өзгеріп жатыр. Сондықтанда келесі жылы инфляция деңгейін 4 пайызға жеткізу – мүмкін емес. Оны мойындауымыз керек. Өйткені доллардың бағамы мен күші өзгеріп жатыр. Сол себепті өз болжамымызда келесі жылы 7 пайыз, ал 2026 жылы 5 пайызға жететінімізге сенеміз, - деді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы 16 қарашадан бастап интервенция жүргізілгенін айтты.

Оған бір миллиард доллар қаражат жұмсалды. Бұл процеске жеке тұлғалардың әсері жоқ, - деді Сүлейменов.

Өзгелердің жаңалығы