Ұлттық банк: Дамыған елдерде инфляция рекордтық деңгейге жетті

14 Маусым 2022, 11:11
1121
Бөлісу:
Ұлттық банк: Дамыған елдерде инфляция рекордтық деңгейге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді. 

Ресей Федерациясының Украинамен қақтығысының басталуымен күрт өскен жаһандық белгісіздік жоғары деңгейде қалып отыр. Геосаяси ахуал шиеленіскен жағдайда жаһандық экономиканың өсу болжамдары төмендеу жағдайына қарай қайта қаралады. Осыған байланысты жаһандық іскерлік белсенділіктің баяулағанына қарамастан өсу үстінде. Мамырда Global Composite PMI, көбінесе, Қытайдағы карантиннің әлсіреуіне және өндіріс пен жаңа тапсырыстардың қарқын алуына байланысты 51,5-ке дейін аздап өсті, - деп атап өтті Ғалымжан Пірматов. 

Айтуынша, өндірістік шығындардың құны мен өнімнің бағасы рекордтық қарқынмен өсіп келеді. 

Дамыған елдерде инфляция рекордтық деңгейде сақталып отыр. Тұрақтанудың алғашқы белгілеріне қарамастан, елімізде де инфляция жоғары, - деді Ұлттық банк басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ғалымжан Пірматов әлемде ақша-кредит талаптары күшейтіліп жатқаны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы