Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов сәуір айы инфляция динамикасында бетбұрыс кезең болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, инфляцияның шарықтау шегі былтыр қыркүйекте тіркеліп, 12,9%-ға жеткен. Содан бері көрсеткіш шамамен 2 пайыздық тармаққа төмендеген.
Ол жанар-жағармай мен коммуналдық тарифтерге енгізілген мораторий инфляцияның баяулауына айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.
Сәуір біз үшін өте маңызды ай болмақ. Осы кезеңде инфляцияда нақты бетбұрыс болды ма, жоқ па – соны түсінеміз, – деді ол.
Ұлттық банк жалпы алғанда инфляцияның әрі қарай төмендеуін күтеді. Болжам бойынша, көрсеткіш 10-10,5% деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін.