Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтықтың көбейіп жатқанын ескертті

27 Желтоқсан 2023, 06:35
419
Бөлісу:
Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтықтың көбейіп жатқанын ескертті
Фото: baq.kz

Қазақстан Ұлттық банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалана отырып жасалатын алаяқтықтың жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық банктің хабарлауынша, алаяқтықпен айналысатын топтар өздерін инвестициялық компаниялар ретінде таныстырып, танымал мессенджерлерде арнайы құрылған профильдерге сілтеме жасай отырып, әлеуметтік желілерде жарнаманы белсенді қолданады. Онда азаматтарды ақша қаражатын салуға шақырып, инвестициядан қомақты қаржылық пайда табуға уәде береді.

Алаяқтар жалған лицензиялар мен басқа да құқық белгілейтін құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі атынан берілгенді көрсететін жалған құжаттарды жариялайды.

Қаскөйлер азаматтарды биржалық алым үшін біржолғы төлем жасауға үгіттейді. Бұл ретте азаматтарды инвестициялық табыс алуға қазақстандық криптовалюта биржасы немесе өзге де қаржы институттары кепілдік береді деп сендіреді. Алайда, қаражатты аударымынан кейін алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатады, - деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

Қазақстан Ұлттық Банкі инвестициялар көмегімен жылдам табыс табу туралы ақпаратты қамтитын ресурстарда алаяқтық әрекеттің айқын белгілері бар екенін назарда ұстау үшін мәлімдейді.

Себебі

  • Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді;
  • Ұлттық Банк мемлекеттік қорлардан табыс табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды;
  • жарнамалық ресурстарда қысқа уақыт ішінде жоғары табысқа жалған кепіл беретін мәлімет қамтылады, бірақ байланыс ақпараты жазылмайды; инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.
Өзгелердің жаңалығы