Ұлттық банк: 2023 жылы инфляция 6,5%-ға дейін төмендейді

11 Қазан 2022, 11:10
1063
Бөлісу:
Ұлттық банк: 2023 жылы инфляция 6,5%-ға дейін төмендейді

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Көптеген елде инфляция нысаналы көрсеткіштерден артып отыр. Әлемдегі монетарлық саясаттың күшеюі және логистикалық проблемалардың шешілуі 2023 жылы инфляцияның баяулауына әкеледі деп күтілуде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының болжамы бойынша G20 елдерінде инфляция 2022 жылғы 8,2%-дан 2023 жылы 6,5%-ға дейін төмендейді. Инфляция болжамы бірқатар алғышартқа байланысты. Олар: коронавирустың жаңа толқынының болмауы, Украинадағы соғыстың күшеймеуі, Еуропадағы энергия нарығындағы қысымның төмендеуі. Тыңайтқыштар бағасының өсуі, қолайсыз ауа  райының қатері қосымша проинфляциялық факторлар саналады, - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы. 

Айтуынша, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы нақты мөлшерлемеге қатысты болжамды көрсеткіштердің оң болуын ескере отырып, инфляциялық қысымды төмендету үшін пайыздық мөлшерлемелерді одан әрі көтеруді ұсынады.

Сонымен қатар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының пікірінше, салық-бюджет шараларында инфляция жоғары болған кезде бұдан былай тұрақты ынталандырудан бас тарту және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігі ескерілуі тиіс екені маңызды, - деді Ғалымжан Пірматов. 

Өзгелердің жаңалығы