Ұлттық аспаптарға қарсылық жүріп жатқан сияқты – Зайытов домбыраны ұшаққа кіргізуді сұрады

5 Маусым 2023, 13:29
4091
Бөлісу:
Ұлттық аспаптарға қарсылық жүріп жатқан сияқты – Зайытов домбыраны ұшаққа кіргізуді сұрады
Фото: BAQ.KZ Мәжіліс баспасөз қызметінен

Бұл мәселені Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Азамат Бейісбековке қаратып айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті, Азамат Өмірзақұлы, өзіңіз де әлеуметтік желілерден көріп жатқан шығарсыз, қазір әуе компанияларында қазақтың ұлттық аспаптарына қарсылық жоспарланған нәрсе сияқты жүріп жатыр, - деп бастады сөзін депутат.

Содан соң домбыраның рөлі мен зиянсыз екенін алға тартып, мәселе шешімін таппаса, әуежайда топ домбырашылармен «Адай» күйін орындап тұрайық деп әуе компанияларының жұмысын сынға алды.

Домбыра деген ішінде қойдың шегі мен қарағайдың ағашынан басқа құрамында бір металлы, ешқандай зияны жоқ аспап. Бұл – бір. Екіншіден, «нағыз қазақ домбыра» демекші, бұл – біздің мемлекетіміздің айнасы. Әуе компанияларыңызға дұғай-дұғай сәлем айтыңыз. Кімдікі болса да, қалай болса да, шешіп беріңіздер. Қазақтың саусаққа толмастай, 4-5 ұлттық аспаптарын ұшаққа кіргізуге рұқсат берілсін. Сіздердің қолдарыңыздан келмесе, онда Алматы мен Астананың әуежайына жоқ дегенде 1000 домбырашыдан қойып, «Адай» күйін ойнатып, жалынып сұрайық, - деді Зайытов.

Өзгелердің жаңалығы