Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған оқу залы ашылды

2 Сәуір 2021, 17:31
5296
Бөлісу:
Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұқамбетқалиұлына арналған оқу залының ашылу салтанаты өтті. 

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Қажығали Мұхамбетқалиұлы - қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар танымал жазушы. 

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Оның прозалық шығармаларында негізінен жетпісінші, сексенінші жылдардағы ел тіршілігі суреттеліп, қоғамдық ахуал көріністеріндегі қарапайым тұрмыстық эпизодтардың өзінен үлкен әлеуметтік мәселелер ұтымды жеткізіледі. 

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Жұбайы Сұлуханым Фатихақызы жары туралы естеліктермен бөлісіп, Қажығали Мұхамбетқалиұлының атына ашылып жатқан оқу залы үшін ұлттық академиялық кітапханаға зор ризашылық білдірді. 

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Қажекең екеуміз 53 жыл бір шаңырақ астында бірге тұрдық. Оның шығармашылығы туралы айтуға біршама уақыт керек. Өзі де оңаша отырғанда көзін мұң шалып, «Тар кезеңді» 25 жылдай жаздым, бірақ әлі толық ашылған жоқ, дұрыс сипаттама берілмеді. Тек шын әдебиетті түсінетін әдебиетшілер, жазушылар ғана жақсы жазып жатыр, бірақ әлі де тар кезең туралы, Сырым ата туралы жазылуы тиіс» деп айтып отыратын. Қажығали туралы күні-түні айта аламын. Ол өте дарынды, ізденімпаз, ұстамдылығы мен ақылдылығы арқылы ерекшеленетін еді, - деді ол. 

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Сұлуханым Фатихақызы жары жайында «ол пысық болмады, бірақ жазғанда шын әдебиетші екендігі білінетін» деп еске алады. 

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Оның әңгімелері болсын, повесі болсын, әр бейне сөзі өйлеп тұрғандай көз алдымызда тұратын. Кейде таңертеңнен кешке дейін жазып келіп, оны жыртып тастаған күндері болды. Қате жазып қойыппын, жастарға түсінікті тілмен қайта жазу керек деп, архивтерін басынан қарап қайта отырушы еді. Кемеліне енді жеткен кезде өмір жалғандығын танытты, - деді ол. 

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Іс-шараға алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Сақ, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, жазушы, қонаевтанушы Ораз Қауғабай, ақын, «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ербол Бейілхан, ақын, сатирик, аудармашы Маржан Ершу және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Елордамызда жақсы әдеби іс-шара болғалы тұр. Қазақтың көрнекті жазушысы Қажығали Мұқамбетқалиұлы ағамыздың атына оқу залының ашылғаны бізді өте қуантып отыр. Бұл – ұлттық академиялық кітапхананың біздің қаламгерлерімізге көрсетіп жатқан құрметі. Кітапханада Әбіш Кекілбаевтың, ғалым, әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішевтің, жазушы Дүкенбай Досжан ағамыздың, әдебиеттанушы Мырзатай Жолдасбековтың оқу залы бар. Қазақ руханиятына, соның ішінде қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан азаматтардың есімі берілген кабинеттер ашылып жатыр. Бұл тек музей ретінде есігі жабық тұратын оқу залдары емес, сырттан келген оқырмандардың барлығы өздеріне керек кітапты қарап, білімге, ғылымға ден қоюға жағдай жасалған дүние. Қаламгерлерге бірінші құрметті осылай кітапхана ұжымы көрсетуі тиіс. Сондықтан ұжымға алғысымыз зор, - деді Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы. 

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды

Іс-шара барысында жазушылар қауымы Қажығали Мұхамбетқалиұлының шығармашылығы туралы кеңінен әңгімеледі, қалың көпшілікке оқу залы таныстырылды.

Ұлттық академиялық кітапханада Қажығали Мұхамбетқалиұлына арналған  оқу залы ашылды


Раушан АРМАНҚЫЗЫ

Өзгелердің жаңалығы