Ұлттық кеңес мүшелері Атамқұловпен кездесті

9 Шілде 2021, 18:48
1881
Бөлісу:
Ұлттық кеңес мүшелері Атамқұловпен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық кеңес мүшелері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловпен онлайн форматта кездесті.

Кездесу барысында Бейбіт Атамқұлов министрлік қызметінің негізгі нәтижелері мен негізгі жобаларды іске асыру туралы айтты. Атап айтқанда, министр өңдеу өнеркәсібін дамыту, арнайы экономикалық аймақтардың қызметі, Индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру сияқты бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар, министр көлік саласы мен транзиттің дамуына ерекше назар аударды.

Б. Атамқұловтың презентациясынан кейін Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелері А. Омарова, Қ. Арыстанбеков, Т. Талаева, М. Шибутов, А.Орынбек және А. Данилов азаматтық авиация, жеңіл өнеркәсіп, тұрғын үй саясаты және құрылыс салаларындағы мәселелерді шешуге және жақсартуға қатысты сұрақтар қойып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар көтерілген мәселелерді бірлесіп пысықтау үшін одан әрі өзара әрекет етуге келісім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы