Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясында алдағы 5 жылдағы қатерлер ескерілген – сарапшы

22 Маусым 2021, 10:36
2901
Бөлісу:
Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясында алдағы 5 жылдағы қатерлер ескерілген – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Сыртқы экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев «Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекіту туралы» Президент жарлығына қатысты пікірін білдірді.

Манарбек Қабазиевтің айтуынша, жаңа стратегияда әлемде және елімізде болып жатқан өзекті өзгерістер қамтылған. 

Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында ақпан айында Елбасы Қауіпсіздік кеңесінде атап көрсеткен ұлттық мүддені қорғаудың жаңа концепцуалдық қадамдары бекітілді. Стратегия алдағы бес жылдағы қатерлерді еңсеруге негізделген. Көптеген ел ішкі және сыртқы жағдайларды басшылыққа алып, өздерінің қауіпсіздік туралы стратегияларын жаңартуда, - деп атап  өтті ол. 

Сарапшының айтуынша, стратегия өткен жылы басталған коронавирустық пандемияның жалғасуын, биологиялық қауіпсіздік мәселелерін басшылыққа алды. Сонымен қатар құжатта әлемдік нарықтағы кризистік жағдайлар мен оның ел экономикасына әсері ескерілді.

Жалпы құжаттың ең негізгі аспектісі - азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі. Жаңа стратегияны қабылдау адами капиталды қамтамасыз етуге бағытталған уақытылы және маңызды қадам болды. Мұнда экологиялық қауіпсіздік мәселесіне де назар аударылған, - деді ол.

Сарапшының сөзінше, мұндай деңгейдегі құжатта елдің қорғаныс қауіпсіздігіне үнемі ерекше назар аударылатын. Жаңа құжатта да жаңа аймақтық, жаһандық қатерлер ескерілген. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы