Ұлттық экономика министрі жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсыныс айтты

10 Қараша 2021, 10:33
746
Бөлісу:
Ұлттық экономика министрі жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсыныс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ел экономикасын арттыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсыныс айтты.

Министрдің сөзінше, халықты вакциналау және ревакциналау, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларын уақытында жүргізілуі де маңызды істер қатарында.


Ауыл шаруашылығы кешенінде өнімнің жоспарланған сату көлемдерін және құрылыс саласындағы кезеңнің уақытында бітіруін қамтамасыз ету керек. Инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенінің тиімді жүзеге асырылуын қадағалау қажет, – деді ол Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен қатар министр өз мәлімдемесінде мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде құрылып жатқан жұмыс орындарын динамикалық мониторингтеп, тұрақты жұмыс орындарының үлесін арттыру мәселесін көтерді.


Нақты сектордағы өндірудің жоғары көлемдерін сақтау және өнімнің экспортқа шығарылуын белсенді түрде ынталандыру қажет. Жоғарыда аталған шараларды тиімді іске асыру еліміздің экономикасының өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді, – деді Ерғалиев.







Өзгелердің жаңалығы