Ұлттық экономика министрі мұнай бағасы қалай өзгеретінін айтты

27 Тамыз 2019, 14:34
1871
Бөлісу:
Ұлттық экономика министрі мұнай бағасы қалай өзгеретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында жаңа болжамдарын ұсынды.

"Қарастыруға елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы енгізіледі. Болжамды қалыптастырудың негізгі факторлары: біріншіден, ішкі өнім бойынша 2018 жылғы есептік статистикалық деректер. Ағымдағы жылғы 7 айдағы экономика дамуының қорытындылары. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,2% құрады. Инфляция нысаналы дәлізде (5,4%), инвестициялар 11% деңгейінде өсуде", - деді Руслан Дәленов.

Министрдің айтуынша, екіншіден, әлемдік экономиканың өсуі бойынша өзектендірілген болжамдар. 

"Үшіншіден, әлемдік тауар нарықтарындағы үрдістер. Әлемдік қаржы ұйымдарының мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы мұнай бағасының консенсус-болжамы 65 долларды құрайды. Ал 2020 жылы бір баррель үшін 63 долларына дейін төмендейді. Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасы дамуының ықтимал үш сценарийі қаралды", - деді Дәленов.

Осылайша, министр бірнеше сценарийді таныстырды.

Бұған дейін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі мұнай бағасы қалай өзгеретінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы