Ұлттық банк неліктен теңгенің әлсірегенін айтты

10 Қараша 2021, 11:46
1143
Бөлісу:
Ұлттық банк неліктен теңгенің әлсірегенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті.

Мұнай бағасының бір баррель үшін 84,4 АҚШ долларына дейін 7,5%-ға өсуіне қарамастан, экономикалық белсенділіктің қалпына келуі мен фискалдық серпіннің жалғасуымен қатар ұлттық валюта бір айда бір АҚШ доллары үшін 427,15 теңгеге дейін 0,3%-ға әлсіреді, – деді Досаев.

Оның атап өтуінше, бизнес пен халық тарапынан сұраныстың өсуі аясында Ресей тауарларының импорты биыл 2-тоқсанда жылдық мәнде 1-тоқсандағы 2,4%-дан 36,1%-ға дейін ұлғайды. Бұл қазанда теңге бағамының бір рубль үшін 6,5 теңгеге дейін немесе 3,4%-ға әлсіреуіне алып келген.

Сонымен қатар министр мәлімдемесінде базалық ставканың өсуі теңгедегі борыштық құралдардың тартымдылығын сақтайды, оған бейрезиденттердің қазанда Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдарының 863 млрд теңгеге дейін 75 млрд теңгеге өсуі дәлел болады деп атап өтті.

Шетелдік инвесторлар тарапынан шетел валютасының қосымша ұсынысы нарықтың өтімділігін жақсартуға және сұранысты ішінара қанағаттандыруға ықпал етеді. Импорттың өсуі аясында валютаға орнықты сұраныс, оның шектеулі ұсынысы және сыртқы нарықтардағы құбылмалығы теңге бағамына қысым жасауды жалғастырады, – деді Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы