Ұлттық банк «БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталарын айналымға шығармақ

11 Желтоқсан 2020, 11:25
1771
Бөлісу:
Ұлттық банк «БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталарын айналымға шығармақ
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі «БЕЛКА · СТРЕЛКА» және «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарын айналымға шығарып жатыр. 

Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми сайтында қосымша жарияланады. 

«БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталары туралы

Күмістен номиналы 500 теңгелік, мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталар «Ғарыш» монеталар сериясын жалғастырады. Монеталар Белка мен Стрелка иттері Қазақстан жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток» ғарыш кемесінде ұшқан күннен бастап 60 жыл толуына арналған. Белка мен Стрелка – орбитаға сапар шеккен және Жерге аман оралған кеңестік космонавт иттер.     

 Монеталардың сипаттамасы:

Ұлттық банк «БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталарын айналымға шығармақ

Монеталардың аверсінде ортасында адамзат пен ғаламшардың бірлігін, өткен күн мен осы күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Монеталардың оң жақ бөлігінде монеталардың номиналын білдіретін: танталы бар күміс монетада «500 ТЕҢГЕ», мельхиор қоспасынан жасалған монетада «200 ТЕҢГЕ», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «100 ТЕҢГЕ» деп жазылған. Танталы бар күміс монета номиналының астында – монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін «Ag 925 14,6 g Та 26,8 g» деген жазу бар. Төменгі жағында – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотипі) бар. Жиегінде мемлекеттік тілде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деп айналдыра жазылған жазу бар.

Монеталардың реверсінде ортасында – ғарыштық айшықталған капсуладағы Белка мен Стрелканың бейнесі. Жоғары бөлігінде ашық ғарыштың символын білдіретін жұлдыздар шоғырын көруге болады. Жиегінде орыс тілінде «БЕЛКА» мен «СТРЕЛКА», ағылшын тілінде «BELKA» мен «STRELKA» деген жазу, сондай-ақ оқиғаның мерейтойлы датасын білдіретін «1960-2020» деп айналдыра жазылған жазу бар.

Монеталар:

күміс пен танталдан, массасы 41,4 грамм (сақина – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 14,6 грамм, диск – массасы 26,8 грамм танталдан), диаметрі 38,61 мм, «proof» сапасымен, номиналы 500 теңгелік, таралымы 2500 дана; 

МН-25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, «proof-like» сапасымен, номиналы 200 теңге, таралымы 10 000 дана; 

15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, «uncirculated» сапасымен, номиналы 100 теңге, таралымы 100 000 дана. 

 «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталары туралы

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталары «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» монеталар сериясын жалғастырады. Сүндет той – қазақтың ұлттық салт-дәстүріне айналған қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы. Сүндетке отырғызбас бұрын болашақ жігітті атқа отырғызып, кейін сыйлық берген.

Монеталардың сипаттамасы:

Ұлттық банк «БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталарын айналымға шығармақ

Монеталардың аверсінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра латын графикасымен мемлекеттік тілде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Сол және оң секторларында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Төменгі жағында «TEŃGE», монетаның номиналын білдіретін күміс монетада «500» деген сан және мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан дайындалған монеталарда «100» деген сан бар.

Монеталардың реверсінде Сүндет той мерекелік салтының композициялық суреті бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде шаңырақтың айшықталған бейнесі және ұлттық ою-өрнек элементтері, «SUNDET TOI» деген жазу бар. Монетаның төменгі жағында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің логотипі және ою-өрнек қапталған монета шығарылған жыл. Монетаның сол және оң жағында күмістен жасалған «Ag 925» және «24 g» монета металын, сынамасын және салмағын білдіретін жазулар бар.

Монеталар:

925/1000 сынамалы күмістен, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы «proof», номиналы 500 теңге, таралымы 3 500 дана;

МН 25 мельхиор қоспасынан, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы «brilliant uncirculated», номиналы 100 теңге, таралымы 15 000 дана;

МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, салмағы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, сапасы «uncirculated», номиналы 100 теңге, таралымы 100 000 дана.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. «Proof-like» сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады. «Brilliant uncirculated» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.

Өзгелердің жаңалығы