Ұлт ұстазы бейнесін бейнелеген мүсіншіге жұрт сүйсінді

31 Қазан 2022, 12:15
6380
Бөлісу:
Ұлт ұстазы бейнесін бейнелеген мүсіншіге жұрт сүйсінді

Ахмет Байтұрсыновтың бейнесін дәлме-дәл жасаған мүсіншінің туындысы елді сүйсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатқан мүсіннің авторы – Азамат Талапқан.

Ұлт ұстазы бейнесін бейнелеген мүсіншіге жұрт сүйсінді

Бейнероликтен ұлт ұстазының бейнесін анық, айқын көруге болады. Мүсіннің бір қолында таяғы, екінші қолында кітап бейнеленген.

Өнертуындысына көпшілік оң бағасын беруде.

«Барлық мүсінді осы кісіге жасату керек», «Мүсін деген осындай болу керек, Қонаев атымыздың мүсіні секілді емес», «Тек сыртқы келбетін ғана емес, ішкі жан-дүниесін де көрсете алыпты»,- деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.

Әлеуметтік желідеге жазбаға сүйенсек, бұл туындының қай жерге ескерткіш ретінде орналастырылатыны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Ахмет Байтұрсыновтың туғанына – 150 жыл толды. Ұлттың ұлы тұлғасын ұлықтауға арналған мерекелік шара Жангелдин ауданының орталығы Торғайдан бастау алған болатын. Онда тұлға ескерткіші ашылып, туған жері Сарытүбекте ақ кесене бой көтерген. 

Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде ғылыми конференциялар, сахналық қойылым, спектакльдер сахналанды. Халықаралық дәрежеде бірнеше іс-шаралар да ұлт ұстазының мұрасы тек қазақ өлкесінде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де кеңінен танымал екендігінен хабар берді.

Оған қоса Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалып, ұлт мүддесін қорғауда атсалысып жүрген азаматтарға тапсырылды. 

Өзгелердің жаңалығы