«Ұлт рухының ұясы – Ауыл Ана» атты алқалы жиын өтті

3 Қазан 2023, 10:46
1326
Бөлісу:
«Ұлт рухының ұясы – Ауыл Ана» атты алқалы жиын өтті
Фото: Ауыл партиясының баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында «Ауыл» партиясы ауқымды іс-шараларды қолға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі гендерлік саясаттың маңыздылығын айғақтай отырып, «Прогрессивті елдің тағы бір ма­ңыз­ды белгісі – әйелдің қоғамдағы мәрте­­­бесі. Сондықтан біз әйелдердің құ­қық­­тарын қорғауға ерекше назар ауда­руы­­­мыз керек», - деп атап өткен болатын.

Қазақстан халқының 51% әйелдер екені ескеріле отырып, «Ауыл» партиясы атынан өңірлік мәслихаттарға 27 қыз-келіншек сайланған. Ал республика бойынша партиядан ұсынылған депутаттардың 12% - әйелдер.

«Ұлт рухының ұясы – Ауыл Ана» атты алқалы жиын өтті

Бұл бағытта қолға алынған тағы бір игі бастама - «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен, елімізде тұңғыш рет «Ұлт рухының ұясы – Ауыл Ана» атты ауыл әйелдерінің I Республикалық алқалы жиыны өтті.

Оның мақсаты – партияның гендерлік теңдік мәселесіндегі ұстанымын айқындау, ауыл әйелдерінің қоғамдағы мәртебесін арттыру, олардың саяси көшбасшылығына соны серпін беру, әйелдер мен балалардың әлеуметтік мәселелеріне қоғам назарын аудару.

«Ұлт рухының ұясы – Ауыл Ана» атты алқалы жиын өтті

Жиын барысында көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек көрсету, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, ауылдық жерлердегі іскер әйелдерді демеу мақсатында құрылған «Ауыл» партиясының «Мейірім құшағы» комиссиясының жұмысы таныстырылды.

Алқалы жиынға еліміздің барлық өңірлерінен онлайн және офлайн режимінде өздерін отбасында ғана емес, кәсіби және шығармашылық қызмет пен бизнесте де танытқан 300-ге жуық қыз-келіншектер қатысты. Жиын аясында қыз-келіншектер үшін қызықты да пайдалы ақпараттарға толы бірнеше шара ұйымдастырылды. Балалар үйінің 7 тәрбиеленушісіне ұлттық дәстүріміздің нышанынан көрініс - «Құлақ тесу» рәсімі жасалды. Сондай-ақ, қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдарының таныстырылымы өтті. Одан соң іс-шара мотивациялық, өзін-өзі трансформациялау бағытындағы оқыту тренинг форматындағы шеберлік сыныптарына ұласты, - деп жазды «Ауыл» партиясының баспасөз қызметі.

«Ұлт рухының ұясы – Ауыл Ана» атты алқалы жиын өтті

Аталған іс-шараға «Ауыл» партиясының Төрағасы Әли Бектаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззәт Сүлеймен, Қырғыз Республикасының «Эко-Деми» ҚБ президенті Айжан Чыныбаева, ҚХА Аналар Кеңесінің Төрағасы Назипа Шанаи, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция депутаттары, партия активі, еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар, партияның жастар қанаты өкілдері, басқа да арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Кеш соңында қатысушылар «Астана-Операда» «Сильфида» балетін тамашалады.

Өзгелердің жаңалығы