Үлкен жетілік елдері қосымша санкция арқылы Ресейге қысым көрсетпек

8 Сәуір 2022, 04:24
2980
Бөлісу:
Үлкен жетілік елдері қосымша санкция арқылы Ресейге қысым көрсетпек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. G7 тобының елдері қосымша шектеу шараларын енгізу арқылы Ресейге көрсетілетін қысымды күшейтпек. Бұл туралы Брюссельде НАТО-ның министрлік кездесуі аясында өткен G7 СІМ басшыларының кездесуінде қабылданған мәлімдемеде жазылған, деп хабарлайды inbsuiness.kz.

Халықаралық серіктестермен бірлесе G7 қосымша шектеу шараларын енгізу арқылы Ресейге қысым көрсету жағын қолдайды. Біз санкциялардан жалтару немесе Ресейге басқа жолмен көмектесу әрекеттеріне жол бермеу үшін жұмыс істейміз. Біз ресейлік энергия көздеріне деген тәуелділікті азайтуды тездету үшін шара қабылдаймыз, – деп жазылған ресми хабарламада. 

Бұған дейін ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Ресейге қарсы мұнай эмбаргосы ЕО санкцияларының бесінші пакетіне кірмейтінін, бірақ ЕО-ның СІМ басшылары бұл мәселені 11 сәуірде талқылайтынын мәлімдеді.

 

Өзгелердің жаңалығы