Қоқыс полигоны. Блогер Ақтауда демалушылардан кейін жағажайдың қандай жағдайға түскенін көрсетті

7 Шілде 2021, 22:20
3089
Бөлісу:
Қоқыс полигоны. Блогер Ақтауда демалушылардан кейін жағажайдың қандай жағдайға түскенін көрсетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал блогер Азамат Сәрсенбаев Ақтауда демалушылардан кейін жағажайдың қандай жағдайға түскенін көрсетті. 

Ақтау қаласының маңында 24 шақырым жерде түбі құмды, суы мөлдір, таза жағажай бар. С. Шапағатов ауылының көптеген тұрғыны мұнда отбасыларымен демалып, суға шомылып, күнге қыздырынып, толқынды тамашалап, демалуға келеді. Өкінішке қарай, мен жағажайдың жылдан жылға үлкен қоқыс полигонына айналып келе жатқанын көріп отырмын, – деп жазды ол. 

Автордың айтуынша, адамдар жағажайға демалуға келгенде қоқыс қалдырып кетеді. 

Бозжыра, Самал, Тамшалы, Жыгылган, Шерқала, Айрақты бұл жерлер, осы жағажай сияқты иесіз. Ешқандай инфрақұрылым, жолдар, қоқыс контейнерлері және тіпті бір қоқыс тасығыш машина жүре алатындай жағдай жоқ. Мұнда күнделікті қоқыс тасығыш машина келе алады деп кім ойлайды? Ол үшін кім төлейді? Бұл кімге қызықты? Демалуға келетін қарапайым адамдарға сенім жоқ. Ал, Түпқараған ауданының әкімдігіне бәрі-бір секілді, - деп жазды Азамат.


Өзгелердің жаңалығы