Үлкен дау-дамайға айналуы мүмкін. Депутат қант тапшылығы мәселесін көтерді

22 Маусым 2022, 11:59
1408
Бөлісу:
Үлкен дау-дамайға айналуы мүмкін. Депутат қант тапшылығы мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Фахреддин Қаратаев  «AMANAT» партиясы  фракциясының мүшелері атынан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған  сауалында айтты.                                          

Біздің депутаттық сауалымызға жақында еліміздің сайлаушыларымен кездесу барысында еліміздегі барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі оның ішінде қанттың тапшылығы және бағасының қымбаттауы негіз болып отыр. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенетін болсақ,  2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,9 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде жыл басынан бергі кезеңде қант бағасы 61 пайызға қымбаттап отыр. Бүгінгі таңда, республиканың қантқа жылдық қажеттілігі орта есеппен 550-600 мың тоннаны құрайды. Мысалы, 2021 жылы қанттың нақты ішкі тұтынылуы 532,5 мың тонна қантты немесе айына 44,4 мың тоннаны құрады. Бүгінгі таңда, өзімізде өндірілетін қант  10 пайызы ғана өнідіріледі, қалғаны импортқа тәуелді, - деді ол. 

Қаратаев айтқандай, осыдан төрт ай бұрын басталған қант мәселесі халық арасында әлі дүрбелең тудырып отыр. 

Өйткені қанттың бағасы шарықтап 1 килограммы 600-900 теңге аралығында сатылуда, оның үстіне қант тапшы болуда, кез келген дүкеннен таба алмайсыз. Тек белгілі бір сауда орындарында ғана сатылып жатыр. Осының салдарынан қазіргі таңда қант тұтынатын отандық өнім өндіретін кондитерлік шағын кәсіпкерлерді айтпағанда ірі кәсіпкерлердің өзі жабылуда. Бұндай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының бұдан әрі өсе беретін болса ел арасында үлкен дау-дамайға айналуы мүмкін, - деді ол. 

Депутат жоғарыда айтылғандардың негізінде көрсетілген проблемаларды шешу бірнеше бастама ұсынды. 

Мемлекет тарапынан тарифтік льгота бойынша 350 мың тоннаға дейін қолдау көрсетіп отыр. Дегенмен де, жеңілдік бойынша шетелден қантты тасмалдайтын кәсіпкерлер елге алып келетін мерзімі 4 айға беріліп отыр ол өте аз мерзім. Өйткені әлемдегі экономикалық түрлі санцияларға байланысты барлық логистика бойынша порттар және тағы басқа транспорттар бос емес, оның үстіне елімздегі банктер шет елмен жұмыс жасау үшін қаржы операциялары ұзаққа созылуда. Осыған орай, отандық тасмалдаушы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында тасмалдау мерзімін ұзартуды, яғни 5-6 айға дейін және жоғарыдағы аталған қанттың жылдық қажеттілігі 50-600 мың тоннаға сәйкестендіру үшін 350 мың тоннадан бөлек тарифтік льготаны тағыда ұлғайтуды, жоғарыдағы аталған мәселе шешімін таппаса 10-12 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қант туралы атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде елді бұқаралық ақпарат арқылы ақпараттандыруды ұсынамыз.Депутаттық сауалға заң талаптарына сәйкес жазбаша жауап беруді сұраймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы