Үлкен Алматы айналма жолының тарифтері жайында тұрғындарымен кездесу өтті

26 Мамыр 2023, 16:25
740
Бөлісу:
Үлкен Алматы айналма жолының тарифтері жайында  тұрғындарымен кездесу өтті
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр Алматы облысының Іле, Талғар, Қарасай аудандарына барып, жергілікті тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуіеше, жиынның мақсаты Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының тиімділігін түсіндіріп, халықпен пікір алмасу болды. Сонымен қатар, шараға түйткілді сұрақтардың шешімін бірлесіп табу үшін жергілікті әкімдік өкілдері, мәслихат депутаттары және «ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар» ЖШС өкілдері қатысты.

Үлкен Алматы айналма жолының тарифтері жайында  тұрғындарымен кездесу өтті

Талқылау барысында өңір тұрғындарын Үлкен Алматы айналма тас жолының төлем құны мәселесі қызықтырды. Бұған Жамбыл Бақтияр ақылы жол құрылысына жұмсалған қаражатқа қарай есептеліп жасалғанын жеткізді.

Жыл сайынғы инфляцияның өсуін де қарастырдық. Біз инвестордың құйған қаржысын өзіне қайтарып беруге міндеттіміз. Оның үстіне, Талғар, Іле, Қарасай аудан әкімдерінің пікіріне құлақ асып, жергілікті халық тұрғындары үшін арнайы жеңілдік қойдық. Бағалары да қолжетімді. Ал ауыр жүк көліктері бойынша бағаны қайта басшылықпен қарастырамыз, - деп жауап берді Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары.

Жиында, сондай-ақ, абоненттік төлемді алудың амалдары айтылды. Қойылған барлық сұраққа «ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар» ЖШС жолды пайдалану және күтіп-ұстау жөніндегі жетекшісі Нұрланбек Өмірбаев тұшымды жауап бере алды.

Үлкен Алматы айналма жолының тарифтері жайында  тұрғындарымен кездесу өтті

Преференция механизміне сәйкес бір айға немесе бір жылға абонементті әкімдікте немесе әр ауданның арнайы халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Жолды пайдаланушы тұлға RFID-белгілерін (көлік туралы мәліметтерді оқу және есептеу жүйесі) арқылы біле алады. Егер абонемент ақысы дер кезінде төленбеген жағдайда, тариф бойынша төлем алынады. Сондай-ақ, ақыны алдын ала төлем негізінде өтсеңіз болады немесе жүріп өткеннен кейін жеті күн ішінде төлей аласыз. Яғни, сіз ақылы жолмен байқамай өтіп кеткен болсаңыз 7 тәулік аралығында төлем жасай аласыз. Ал мерзімінен асып кеткен жағдайда жүргізушіге әкімшілік шара қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, егер көлік құралы рұқсат етілген габариттен асып кетсе, онда ақпарат бірден Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне беріледі, - деп түсіндірді Нұрланбек Өмірбаев.

Үлкен Алматы айналма жолының тарифтері жайында  тұрғындарымен кездесу өтті

Сонымен қатар, жиын барысында Үлкен Алматы айналма жолының артықшылықтары да аталып өтті. Мәселен, егер сіздің көлігіңіз жол үстінде сынып қалған жағдайда, ҮАААЖ қызметкерлері көлігіңізді жақын жердегі тұраққа тегін жеткізуге көмектеседі. Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүру қарастырылған. Жол пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол бойында бейнебақылау камералары орнатылған. Сондай-ақ, аталмыш күре жолға қатысты 2277 қысқа нөміріне тегін хабарласу арқылы азаматтар барлық ақпаратты біле алады.

Үлкен Алматы айналма жолының тарифтері жайында  тұрғындарымен кездесу өтті

Үш күнге созылған шарада әр ауданның мәслихат депутаттары халық тарапынан сөз сөйлеп, ұсыныстарын айтты. Мәселен, Талғар ауданында өткен жиында мәслихат депутаты Гүлжан Түсібиянова Үлкен Алматы айналма жолы маңын абаттандыру мәселесін көтерді.

Талғар маңына көгалдандыру жұмыстарын істеуді ұсынамын. Тариф бойынша айтатын болсам, бір жылдық төлем ақысын төмендетсеніздер жақсы болар еді. Себебі, бір жылдық төлем қарапайым халық үшін тиімді болу керек. Тағы бір мәселе біздің өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтар көп. Ол кісілер үшін арнайы жеңілдік қарастырып көрсеңіздер игі болар еді, - деп жеткізді мәслихат депутаты.

Үлкен Алматы айналма жолының тарифтері жайында  тұрғындарымен кездесу өтті

Жамбыл Бақтияр халықпен кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, тұрғындармен бірге ҮАААЖ бойын аралап, туындаған мәселелермен тікелей танысып, инвесторларға және аудан әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы