Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында қозғалыс қарқындылығы өсті

1 Қазан 2024, 10:51
239
Бөлісу:
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында қозғалыс қарқындылығы өсті
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) ашылғалы бері магистральдағы орташа тәуліктік қозғалыс қарқындылығы 60%-ға артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бастапқыда күніне шамамен 47 000 көлік жүріп өтсе, қазір бұл көрсеткіш 75 000 көлікке дейін артып отыр.

Бүгінде аталған магистральды белсенді пайдаланушылардың қатарына транзиттік жүк тасымалдаушылар жатады.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында қозғалыс қарқындылығы өсті

Барлық трафиктің шамамен 40%-ы Алматы қаласына кірмей, айналма жолмен қатынайды. Бұл қаланың көлік желісіне түсетін жүктемені едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ кептелістердің азаюына және мегаполистегі экологиялық жағдайдың жақсаруына септігін тигізді. Ұзындығы 66 шақырымды құрайтын ҮАААЖ Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандары арқылы өтеді және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі болып табылады.

Жол 2023 жылдың маусым айында ашылды.

Өзгелердің жаңалығы