Үлгеріп қалу керек. Смайылов егіншілерге үндеу жасады

19 Қыркүйек 2023, 10:27
1076
Бөлісу:
Үлгеріп қалу керек. Смайылов егіншілерге үндеу жасады
Фото: BAQ.KZ - Архив

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов егіс алқаптарын жинауды тездету қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьердің айтуынша,осы жылы еліміздің егіншілері үшін қолайсыз болды.

Жаздың 2 айындағы аптап ыстықтың соңы күзгі жауын-шашынға ұласты. Бұл әрине, астықтың түсімін азайтып, жұмыс қарқынын едәуір бәсеңдетіп жіберді. Дегенмен, егін жинау науқанын қаржылай және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды, – деді Әлихан Смайылов.

Ол бүгінгі таңда егіс алқаптарының жартысынан аз көлемі жиналды.

Қазір егін орағының нағыз қызған шағы. Жұмыс қарқынын арттыра түсу қажет. Астықты өңірлерде осы айдың соңына дейін қатты жаңбыр жауады деген болжам жоқ.Сондықтан, осы мерзім ішінде барынша үлгеріп қалу керек. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қажетті көмек көрсетуді тапсырды, – деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы