Ұландықтар адасып қалған баланы анасына табыстады

25 Қыркүйек 2022, 17:13
854
Бөлісу:
Ұландықтар адасып қалған  баланы анасына табыстады

24 қыркүйек күні елорданың Сарыарқа ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалау кезінде 5573 әскери бөлімінің сарбаздары жалғыз жүрген балақай байқаған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Патрульдік топ бастығы Мұрат Дәуренбеков, патрульші сарбаздар Артем Деркачев пен Александр Постоев сағат 16:45 кезінде Есіл өзенінің жағасынан шамамен 2 жасар баланың ересек адамдарсыз жүргенін байқайды. 

Әскер жасақ бүлдіршінге жақындап, мән-жайды білмек болады. Сұрастыру барасында баланың адасып қалғаны, анасын таппай жүргені белгілі болды. 

Ұлттық ұландықтар оқиғаны әскери жасақтар кезекшісіне баяндап, бүлдіршіннің жақындарын іздеуге кіріседі. Араға біраз уақыт салып сарбаздар сәбидің анасын табады. Азаматшаның шын мәнінде баланың ансы екеніне көз жеткізген соң, оған баласын табыстайды.

Өзгелердің жаңалығы