Ұландық жауынгерлер Қапшағай жағажайында жоғалған баланы іздеп, тапты

Бүгiн, 01:15
145
Бөлісу:
Ұландық жауынгерлер Қапшағай жағажайында жоғалған баланы іздеп, тапты
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ұландық жауынгерлер Қапшағай жағажайында жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқиға 17 шілде күні түстен кейінгі уақытта Қонаев қаласындағы су қоймасының жағажайында орын алған.

Сағат 17:50-де Райгүл есімді азаматша 4 жасар ұлынан көз жазып қалғандығын айтып 5571 әскери бөлімінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген әскери жасағынан көмек сұраған. Әскери жасақ бастығы қатардағы Шыңғыс Бекбосын баланың түр-сипатын, киген киімін анықтап, радиостанция бойынша әскери топ бастығына баяндаған.

Ақпаратты қабылдаған әскери топ бастығы қатардағы Думан Жаңабатыр өзінің екі патрульшісі қатардағы Дамир Күзембаев және ефрейтор Қуаныш Есенқұловпен жедел іздестіру шараларын ұйымдастырған. Арада 30 минут өткенде әскери топ ойын баласы 4 жасар Расулды тауып, ата-анасына табыстады. Осылайша ұландық жауынгерлер әскери міндеттерін адал атқара отырып, жауынгерлік қызметте қырағылық танытты.

Біз Қапшағай су қоймасының жағажайында қоғамдық тәртіп пен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген едік. Сағат 17:50 шамасында өз бағынысымдағы әскери жасақтан 4 жасар баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат алып, іздеуге кірістік. 30 минуттан кейін балақайды жағжайдан 200 метр қашықтықта тапшандардың арасында ойнап жүрген жерінен тауып, анасына табыстадық, - дейді әскери топ бастығы Думан Жаңабатыр.

Өзгелердің жаңалығы