Ұландық жауынгер әлем біріншілігінде топ жарды

2 Қыркүйек 2024, 03:21
360
Бөлісу:
Ұландық жауынгер әлем біріншілігінде топ жарды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Қырғызстан Республикасының Чолпон-ата қаласында ересектер мен жастар арасында гір көтеру спортынан әлем біріншілігі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш жарысқа әлемнің 18 мемлекетінен келген 500 ден аса спортшы қатысты.

Сондай-ақ сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім қызметкері Жүнісов Арман өз күшін сынады.

Ересектер арасындағы 63 салмақ дәрежесінде бақ сынасқан ұландық сайыс қорытындысы бойынша 32 келілік гірді 88 рет көтеріп жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшыларға арнайы мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы