Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова

11 Тамыз 2023, 13:22
1503
Бөлісу:
Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордада «Өзіңді тап – өзегіңе орал» атты дәстүрлі жалпыұлттық ата-аналар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараны «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлесіп ұйымдастырды.

Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова
Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова

Форумның пленарлы отырысы басталмас бұрын қонақтарға «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» атты театрландырылған қойылым ұсынылды. Қойылымда бір отбасының тағдыры көрсетіліп, балаға тәрбие берудің маңыздылығы айтылды.

Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова
Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова
Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова
Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төраға орынбасары Ләззат Рамазанова өзекті тақырыпты көтерген қойылым болғанын айтты.

Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова

Бүгін өтіп жатқан форумға еліміздің белсенді ата-аналары жиналып отыр. Былтыр оқу жылы аяқталған кезде Оқу-ағарту министрлігі осыған ұқсас форум өткізген болатын. Бірақ бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – ата-аналардың жиналғанында. Расында да, еліміздің бәсекеге қосылуы ең бірінші кезекте көпке дейін еленбей келе жатқан отбасы институтына байланысты. Неге еленбей келе жатыр дейміз? Себебі, өкінішке қарай, ел бәсекеге түскеннен кейін, нарықтық экономиканың қайнап отырғаннан кейін екінші орынға көшті. Соның қатарында тәрбие сұрақтары, отбасы құндылықтары алдыңғы шеңберден кетті десек артық болмайды, - деп айтты ол.

Ләззат Рамазанова қазір заман өзгеріп жатқанын айтып, өскелең ұрпақтың бойында оң да, теріс те тәрбие бар екенін сөз етті.

Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова
Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова

Ұл-қыздарымыз тек Қазақстанның төңірегінде ғана емес, сонымен бірге шетелде білім алып жатыр. Олар шетке шыққанда қандай тәрбие алады? Ең бірінші «отбасында қалыптасқан құндылықтарымызды алып жүре ме әлде оның бәрі ұмытыла ма?» деген сұрақ әр ата-ананы алаңдатады, - деді комиссияның мүшесі.

Биыл жасөспірімге қарсы жасалған қылмыстардың саны соңғы 6 айдың ішінде өскен. Мысалы, 2022 жылы бұл көрсеткіш 450-ге жетпесе, биыл оның көрсеткіші 456-дан асып кеткен.

Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова
Ұл-қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? - Ләззат Рамазанова

Жасөспірімдердің арасында да қылмыстар өсіп барады. Былтырдың 6 айында 723 болса, биылғы 6 айдың ішінде 785-тен асып кеткен. Сонда ұлдарымыз бен қыздарымыз тәрбиені көшеден алып жүр ме? Әлде дастархан басында жиналған кезде өсиет емес, өсек айтылып жатыр ма? Неге еліктеп жатыр? Неден тәрбие алып жатыр? Нағыз тәрбие тек қана отбасында болуы керек, - деп айтты Ләззат Рамазанова форумда сөйлеген сөзінде.

Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ден аса белсенді ата-ана қатысып жатыр.

Форумның мақсаты – қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы, білімі, денсаулығы, қауіпсіздігі сынды өзекті тақырыптарды талқылау, шешімін ұсыну.

Ата-аналар форумы биыл осымен үшінші рет өткізіліп жатқанын еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы