Украинаның Львов қаласынан кезекті Қазақстан азаматтары эвакуацияланады

3 Наурыз 2022, 05:21
969
Бөлісу:
Украинаның Львов қаласынан кезекті Қазақстан азаматтары эвакуацияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 наурызда Украинаның Львов қаласынан тағы бір топ Қазақстан азаматтарын эвакуациялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Украинадағы елшілігіне сілтеме жасай отырып.

Құрметті Қазақстан азаматтары! 2022 жылы 3 наурызда таңғы сағат 08:30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Львов қаласындағы отандастарымызды эвакуациялау үшін автобус жіберуді жоспарлап отыр. Автобуста 18 адамға орын бар, - делінген хабарламада. 

Елшіліктің мекенжайы: Киев қаласы, Ю.Ильенко, 26, байланыс телефоны +38 (044) 483-15-96. 

Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты маңызды ақпараттарды елшіліктің әлеуметтік желідегі және мессенджер парақшалардан танысып, біле аласыздар:

Инстаграм – kazembukr 

Фейсбук – KazEmbassyUkr 

Телеграм – t.me/KZembassyinUKR

Өзгелердің жаңалығы