Украинаның Еуропалық Одаққа кіруі туралы өтініші тіркелді

1 Наурыз 2022, 19:21
1312
Бөлісу:
Украинаның Еуропалық Одаққа кіруі туралы өтініші тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ЕО-дағы Украинаның өкілі Всеволод Ченцов Twitter-де жазды.

Құжатқа президент Владимир Зеленский қол қойды.

Президент Зеленский қол қойған Украинаның ЕО мүшелігіне өтінішін Францияның ЕО-дағы Тұрақты өкілі Филипп Леглиз-Костаға бердім (...) Өтінім тіркелді. Процесс басталды, - деді Ченцов.

Бұған дейін Зеленский Украина ЕО-ға мүше болуға құқылы екенін мәлімдеген болатын. Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке терең трансформациялық процестерден өту керек екенін, мұны бірнеше айда жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы