Украиналық босқындар саны 5,5 миллионнан асты

3 Мамыр 2022, 08:08
1777
Бөлісу:
Украиналық босқындар саны 5,5 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинадан бас сауғалап қашқан босқындар саны 5,5 миллионнан асты. Кейінгі 2 күннің ішінде 70 мыңнан аса украиналық көрші елдерге өткен. 

Бұл туралы Бұұ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссар басқармасы хабарлады.

 Мигранттардың 3 миллионнан астамы Польшаға, Румынияға 825 мыңы, Венгрияға жарты миллионы, 656 мыңы Ресейге барған. 

Украина тұрғындары 24 ақпанда Ресей әскері ел аумағына басып кіргеннен кейін жаппай шетелге қаша бастады.

Өзгелердің жаңалығы