Украиналық босқындар саны 5 миллионнан асты

23 Сәуір 2022, 06:17
1623
Бөлісу:
Украиналық босқындар саны 5 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай мәліметтерді БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы келтірді, деп хабарлайды Euronews.

Украина азаматтары бассауғалаған елдер арасында бірінші орында Польша тұр. Қазірдің өзінде бұл елге 2,8 миллионнан астам адам келген.

Шекараны кесіп өтіп жатқан босқындар саны күн сайын артып келеді. Польшада босқындарды қабылдаудың арнайы орталықтары бар, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар, –  деді БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы Шабиа Манту.

Өзгелердің жаңалығы