Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинада жүрген ел азаматтарының саны нақтыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда Украинада сапармен жүрген ел азаматтарының санын нақтылап жатырмыз. Өздеоріңізге мәлім, соңғы оқиғаларға байланысты Украинадағы азаматтарымыздың саны азайған. Кеше Украинадағы біздің елшілік көмек көрсету бойынша тиісті мәлімдеме жасады. Бастапқы эвакуация кезінде көбісі ол елден кетіп қалған еді. Олардың кейбірі қайтадан баруы мүмкін. Сондықтан қазір нақты санын айта алмаймын, - деді Айбек Смадияров Үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, елшілік жұмысын жалғастырып жатыр.
Шекарамыз ашық болғандықтан, ел азаматтары Украинаға сапармен барып жүр. Елшілік жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір елшілікті жабу емес, ондағы қызметкерлерімізді эвакуациялау мәселесі қарастырылып отыр. Таяу күндері осы мәселе шешіледі. Жәнеде эвакуация толық жүргізілуі мүмкін, - деді СІМ ресми өкілі.