Украинадағы оқиға. Министр әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру штабы жұмыс істеп жатқанын айтты

18 Наурыз 2022, 09:23
1106
Бөлісу:
Украинадағы оқиға. Министр әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру штабы  жұмыс істеп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты. 

Украинада болып жатқан оқиғалар аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнес және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың жұмысы жолға қойылды. Жедел штабтың аясында көлік және логистика, инфрақұрылым, сауда және қаржылық орнықтылық бойынша жұмыс топтары ұйымдастырылды, - деді Қуантыров. 

Министр атағандай, жұмыс топтарының өзара іс-қимылының белгілі бір алгоритміне сәйкес кәзіргі оқиғалардың сыртқы экономикалық жағдайға салдарын күнделікті мониторингтеу негізінде еліміздің экономикасына олардың ықпалының сценарийлері әзірленуде. 

Осы ақпарат негізінде жедел ден қою шаралары әзірленеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруды бастады.Қазіргі уақытта Министрлік жауапты мемлекеттік органдармен нақты ұсыныстарды пысықтауда.Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берген әрбір тапсырмасын толық әрі жедел пысықтайтын болады.Жолдауды тиімді іске асыру үшін Министрліктің жұмысы бюрократияны болдырмау және нәтижеге бағдарлану қағидаттарында жүргізілетін болады, - деді Әлібек Қуантыров. 

 

Өзгелердің жаңалығы