Украинадағы ел азаматтары Молдова арқылы шекарадан шыға алады

25 Ақпан 2022, 16:06
1213
Бөлісу:
Украинадағы ел азаматтары Молдова арқылы шекарадан шыға алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның Одесса облысының аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары Молдова Республикасы арқылы елден шыға алады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі хабарлады.      

Украина мен Молдова шекарасынан дұрыс  бағытыңызды анықтау үшін Қазақстан Республикасының Молдовадағы елшілігі телефоны  + 373 61 070, + 373 60 601 676, + 373 69 474 722 байланыссаңыз болады.

Қазақстан Республикасының Молдовадағы құрметті консулы Роман Станков, тел. + 373 788 22 222

Өзгелердің жаңалығы