Украинада қамауға алынған ресейлік танкердің теңізшілері босатылуда

26 Шілде 2019, 01:31
1365
Бөлісу:
Украинада қамауға алынған ресейлік танкердің теңізшілері босатылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Измаил қаласында қамауға алынған ресейлік танкердің теңізшілері еліне қайтуда, алайда кеме Украинада қалатын болды. Бұл туралы ТАСС Украинадағы РФ елшілігінің өкіліне сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Экипаж үйіне қайтарылуда, ал кеме Измаилда қалатын болды» - деді ол.

Дипломатиялық мекеме бұдан басқа ақпарат бермеді.

Естеріңізге сала кетейік, Украинаның Қауіпсіздік қызметі Измаил портында Nika Spirit ресейлік танкерді ұстады. Ол Керченск бұғазында орын алған оқиғаға қатысы бар Nеyma танкері деп танылған болатын. Бүгінде бұл кеме заттай дәйек ретінде есепке алынды. 

Ал, осыдан бірнеше күн бұрын Еуропалық парламент Ресейді «заңсыз ұсталған барлық украиналықты» босатуға шақырды. Ол үшін депуттар арнайы резолюция қабылдады. Құжатқа 458 еуропалық парламентарий дауыс берді, оның ішінде 80-і қарсылық танытса, 89-ы қалыс қалған.

Өзгелердің жаңалығы