Украина Сергей Шойгуды тергеуге шақырды

18 Шілде 2021, 21:26
4030
Бөлісу:
Украина Сергей Шойгуды тергеуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның Қауіпсіздік қызмсеті Ресей Қорғаныс министрі Серей Шойгуге қылмысқа қатысы бар деген күдікпен сұраққа шақыру қағазын тапсырғанын, тергеу жүргізу үшін Сергей Шойгу Марипольға шақырылғаны жайлы украиналық "Главком" басылымы хабарлады.

Басылым Украина Қауіпсіздік қызметінің Донецк және Луганск облыстары бойынша басқармасының аға тергеушісі Тарас Бутенконың қолы қойылған шақыру қағазының көшірмесін жариялады.

Онда Украина Қылмыстық кодексінің "Адамдардың өліміне алып келген заңсыз құрылған ұйымдарды құру" бабының негізінде Сергей Шойгу қылмысқа қатысы бар деп айыпталған. Тергеуге қатысу үшін ол 2021 жылы 20 шілде күні Мариполь қаласына келуі керектігі жазылған.

Мұндай сипаттағы шақырту қағазын Украина арнайы қызметі ресейлік кәсіпкер Константин Малофеевке де дайындаған.

2014 жылы Украинада Шойгу мен Малофеевке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар Украина аумағында заңсыз қарулы топтар ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

2016 жылы Украинаның Бас прокуратурасы Сергей Шойгу мен Ресейдің басқа да жоғары лауазымды 17 адамына іздеу жариялады.

Өзгелердің жаңалығы