Украина Patriot зымырандарын шығаруға мүмкіндік алуы мүмкін

Украина бірнеше жылдан бері баллистикалық зымырандарды қағып түсіре алатын Patriot жүйелерін көбірек жеткізуді және оларды өз аумағында өндіруге рұқсат беруді сұрап келеді.

 REUTERS/Jonathan Ernst Бүгiн 2026, 00:30
Бүгiн 2026, 00:30
88
Фото: REUTERS/Jonathan Ernst

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға Patriot зымыран кешендеріне арналған ұстағыш зымырандарды өндіруге лицензия берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Анкарада өткен НАТО саммиті аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу барысында айтты, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Трамптың сөзінше, Patriot жүйелері қорғаныс мақсатындағы қару болғандықтан, оларды өндіруге рұқсат беру маңызды қадам болмақ.

«Біз сіздерге Patriot өндіруге лицензия береміз. Бұл қорғаныс қаруы, маған шабуыл қаруынан гөрі осындай жүйелер ұнайды», – деді АҚШ президенті.

Ол сондай-ақ Patriot зымырандарының бір бөлігі Украинаға жақын арада жеткізілуі мүмкін екенін айтып, Киевтің өз өндірісін қысқа мерзімде жолға қоя алатынына сенім білдірді. Сонымен қатар АҚШ-та бұл жүйелердің саны шектеулі екенін және олардың америкалық әскерге де қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен қарым-қатынасының жақсы екенін айтып, бұрынғы сын пікірлерінен бас тартқандай әсер қалдырды. Сондай-ақ ол Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуді және жақын уақытта кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Украина бірнеше жылдан бері баллистикалық зымырандарды қағып түсіре алатын Patriot жүйелерін көбірек жеткізуді және оларды өз аумағында өндіруге рұқсат беруді сұрап келеді. Бұл кешендер қазіргі таңда Киевтің баллистикалық зымырандарға қарсы ең тиімді әуе қорғаныс құралдарының бірі саналады.

Сонымен қатар Трамп АҚШ-тың Украинада өндірілген дрондарды сатып алу мүмкіндігін де қарастырып жатқанын айтты. Оның пікірінше, соңғы жылдары Украина ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру саласында елеулі тәжірибе жинақтаған.

Наверх